Орта білім беру ұйымдарында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары

Құрметті әріптестер, 2023 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Физмат академиясы Республикалық физика-математика мектебімен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне келесі бағыттар бойынша бірқатар тренингтер мен курстар өткізуді жоспарлап отыр:
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру»;
- Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «C++, Python және есептерді шығарудың практикалық дағдылары атты Интенсивті бағдарламалау курсы».
- «Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту».
- «Математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту».
Тренингтің мақсаты – мұғалімдерге оқушылардың неғұрлым табысты және тиімді оқуы мен дамуы үшін қажетті құралдармен және біліммен қамтамасыз ету.
Оқыту формасы: оффлайн.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Бұқар Жырау көшесі 36, Республикалық физико-математикалық мектебі.
Біздің курстарды Алматы және Астана қалаларындағы Республикалық физика-математика мектептерінің тәжірибелі ұстаздары – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагог-мастерлер жүргізеді. Біздің тренерлер өз білімдерімен және технологияларымен бөлісуге, сондай-ақ мұғалімдерге кәсіби қызметінің дамуына қуана көмектеседі.Оқу аяқталғаннан кейін курсты аяқтағаны жөнінде сертификат беріледі.
Курстарға қатысу үшін берілген сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://clck.ru/364B6h . Тіркеу ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін болады. Орындар саны шектеулі болғандықтан, қатысуға тіркелу көрсетілген күннен ерте жабылуы мүмкін.
Сұрақтар туындаған жағдайда, келесі телефон нөміріне немесе электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: +77019981988, fizmat.academy@fizmat.kz.
Пәндер бойынша оқыту мен курстардың толық бағдарламасы қоса берілген. Сіздерді арамызға қосылып, бірге оқуға шақырамыз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы
Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…