Үздік педагогтер марапатталды

Республика күнінің қарсаңында Оқу-ағарту министрі 64 ұстазға «Үздік педагог» атағын тапсырды. Жеңімпаздар марапатпен бірге 1000 АЕК көлеміндегі сыйақыға ие болды.
2025 жылдың «Үздік педагогі» атанған ұстаздар қатарында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Астана филиалының қос ұстазы бар. Олар:
Салимов Алмаз Баймарзаұлы – физика пәнінің мұғалімі. Физика кафедрасының меңгерушісі. Бірнеше жылдан бері олимпиада және білім бәсекелерінің жеңімпаздарын даярлап жүрген тәжірибелі ұстаз.
Паникарская Наталья Юрьевна – математика пәнінің мұғалімі.
Математика кафедрасының меңгерушісі. Республика физика-математика мектебінің Астана қаласындағы филиалы ашылған жылдан бастап еңбек етіп келеді. Бірнеше жылдан бері олимпиада және білім бәсекелерінің жеңімпаздарын даярлап жүрген тәжірибелі ұстаз.
Айта кету керек, биылғы жылы «Үздік педагог» республикалық байқауының іріктеу кезеңіне 1468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады. Дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алған болатын.
Бұл сайысқа білім беру ұйымдарында бес жыл үздіксіз еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады. Конкурс барысында педагогтердің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, жұмысының тиімділігі мен кәсіби шеберлігі ескерілді.
Жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынан көрінген үздік ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…
ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына тіркелу басталды!
2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтеді. Бұл беделді білім сайысы…
РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты
2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау…
Физмиат командасы робототехникадан әлемдік рекорд орнатты!
Fizmat Robotics және Fox Slide командаларын жеңістерімен құттықтаймыз! Біздің оқушылар Burabay FIRST Regional 2025 жарысында әлемдік рекорд орнатты! Fizmat Robotics командасы әлемдік рейтингтің…
Әлемдік білімге бастар жол
Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары…
Халықаралық бағдарламалық аккредиттеу басталды
2025 жылғы 3 қараша күні «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Астана қаласындағы филиалында халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімі басталды. Аккредиттеу мекемелерді үздіксіз өзін-өзі бағалауға және жетілдіруге…
«Мектеп оқушыларының ата-аналар мектебі» курсы ашылды
Құрметті ата-аналар! РФММ сіздерді 1–5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Мектеп оқушыларының ата-аналар мектебі» курсына шақырады! Бұл курста сіздер: ✨ балаңызды оқуда қалай қолдап,…
Хабарландыру
2025 жылғы 3–5 қараша аралығында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Астана қаласындағы филиалында халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімі өтеді. Бағалау жұмыстарын Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз…
РФММ мұғалімі «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Білім басқармасының ұйымдастыруымен QAZAQSTAN орталық концерт залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға елорданың 3…



