РФММ оқушысы шахматтан Қазақстан чемпионы атанды!

Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Ерғали Сүлеймен классикалық және блиц шахмат түрлерінен Қазақстан чемпионы атанды.
Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы республикалық чемпионат Алматы қаласында ұйымдастырылды.
Қазақстанның 20 өңірінен 1000 жуық оқушы қатысқан тартысты белдесу әр ойын түрі бойынша 9 турдан тұрды.

Физмат мектебінің оқушысы Ерғали Сүлеймен классикалық және блиц шахмат түрлерінен барлық қарсыласын қапы қалдырды.
Бүгінде 10-сыныпта оқитын Ерғали шахмат ойынымен алты жастан бастап айналысады. Осы аралықта ол бірнеше ірі додада топ жарып, жүлделі орындарды жеңіп алған.
Республикалық физика-математика мектебінде 2018 жылдан бастап білім алып келе жатқан Ерғали өз мектебін тұрақты түрде барлық ірі шахмат турнирлерінде таныстырып келеді. Ол FIDE шебері, Қазақстанның жастар құрамасының мүшесі (U-16), сондай-ақ Астана қаласының ересектер командасының құрамында ойнайды.

2025 жылы Қазақстан чемпионы атанған жас шахмат шебері алдағы күзде Албания елінде өтетін әлем чемпионатында да өнер көрсететін болады. Жеңістерің көп болсын, Ерғали!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…
«Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирінде топ жарғандар
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі нағыз интеллектуалды тартыс алаңына айналды.Екі күн бойы қатысушылар 11 турдан…
Ашық есік күні және Байқау тесті
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық…
Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…
РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!
Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…
FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!
Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…