РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан жасақталды.
Әлем чемпионатына 48 елден 55 команда қатысқан болса, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің командасы 8 турдың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді!
Команда құрамында:
Эдгар Мамедов —ҚР ең жас гроссмейстері және команда капитаны
Иманғали Ахилбай — 8/8 Жеңіс
Зарина Нұрғалиева — жастар арасындағы әлем чемпионы
Даулет Алихан, Адижан Есенғали
Бұл — Алматы РФММ үшін Әлем чемпионатындағы екінші күміс медалі. Алғаш рет мектеп 2023 жылы Ақтауда өткен әлем чемпионатында вице-чемпион атанған болатын.
Алматы командасының ойыншылары жекелей есепте де жарқын нәтиже көрсетті:
- Эдгар Мамедов — 1-тақта бойынша II-орын
- Иманғали Ахилбай — 2-тақта бойынша I-орын
- Зарина Нұрғалиева — 3-тақта бойынша III-орын
Сондай-ақ, РФММ Астана командасы да лайықты өнер көрсетті. Олар 2 және 3-орын алған командалармен бірдей ұпай жинап, тек қосымша көрсеткіштер бойынша төртінші орынды иеленді. Бұл – мықты деңгей мен шебер ойынның айғағы.
Біз сіздермен мақтанамыз!
Командаларды, тренерлерді және барлық мектепті осы тарихи жетістікпен құттықтаймыз!
Жаттықтырушылар мен ата-аналарға, команда капитаны Саят Егенбердиевке, Қазақстан шахмат федерациясына және Fizmat Endowment Fund-қа қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Мықты мұғалім — мықты мектеп
РФММ Астана филиалының информатика пәні мұғалімі Қульжин Қайнар Нұрланұлы Apple Certified Teacher (ACT) кәсіби сертификатына ие болды. Бұл — арнайы емтихандар мен практикалық…
Жаңа оқу жылын бірге бастаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және «Республикалық физика-математика мектебінің» барша ұжымы! Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын…
Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы
Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…





