Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады.

Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен депутаттардың республикалық форумында: «Балалар мен жасөспірімдердің арасында нағыз қаһармандарды ♂ насихаттауымыз қажет, әсіресе математика, физика және басқа да пәндерден өтетін олимпиадаларда жоғары нәтижеге ✨ қол жеткізіп келеміз. Осындай талантты балаларды қолдап, олардың ұстаздарын ынталандыру керек», – деп атап өткен болатын.
Биыл қазақстандық оқушылар әлемнің түрлі елінде өткен пәндік олимпиадаларда 26 медаль иеленіп, ел абыройын асқақтатты. Ақордаға шақырылған жүлдегерлер арасында РФММ оқушылары да бар. Олар:
1. Цой Максим – International Olympiad in Informatics – күміс медаль иегері;
2. Аманжолов Әмірлан – International Mathematical Olympiad – күміс медаль иегері;
3. Нұрсағатов Марғұлан – International Physics Olympiad – күміс медаль иегері;
4. Қазымбек Ілияс – IPhO Olympiad – қола медаль иегері.
Қазақстанда жастардың өзін-өзі жетілдіруі үшін жан-жақты жағдай жасалған, әсіресе, өскелең ұрпақ үшін білім мен ғылым саласында мол мүмкіндік бар. Оқушылар алдағы уақытта да өз жетістіктерімен қуантады деп сенеміз. Олардың бүгінгі жетістігі – ел жастары үшін ерекше үлгі .
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы
Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…



