«Жас маманнан бастап, шебер маманға дейінгі жол»
Нұргүл Надырәліқызы Жанаева, шебер мұғалім, 2016 жылы Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің есігі ашылған сәттен бастап, бастауыш сыныптарда дәріс береді. Бастауыш сынып оқушыларын екі мәрт ортаңғы сыныпқа шығарып салды. «РФММ Үздік сынып жетекшісі – 2024» байқауының жеңімпазы болды.
Нұргүл Надырәліқызы сауда саласындағы жұмыскер отбасының екінші перзенті ретінде, 1969 жылдың 19 қаңтарында Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Сарыторғай ауылында дүниеге келді. Ол бала кезінде кішкентай балаларды жинап, мұғалім болып, мектеп ойынын ойнаған. Кішкентай Нұргүл оларды өзінің сүйікті ойынына қатыстыру үшін көңілдерін көтеріп, ойынға баулуға тырысқан. Нұргүлдің бұл қабілетін байқаған әкесі Надырәлі, кіші жастағы бауырларының күтімін мектеп жасына толмаған Нұргүлге сеніп тапсырған.
Нұргүлдің мамандығына деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі балалық шағынан бастау алған. Ата-анасының орта білімді толық аяқтау туралы кеңесіне қарамастан, өзінің арманын жүзеге асыру жолында 1984 жылы Амантоғай орта мектебінің 8-сыныбын үздік бітіріп, Арқалық педагогикалық училищесіне бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түседі. 14 жастағы Нұргүл үшін бастапқы жылдар ауыр болғанымен, отбасын, әке-шешесін және мектебін сағынса да, ол оқуды тастауды ойламай, «Қандай жағдайда болмасын, мен оқуды сәтті аяқтап, мұғалім боламын» деген мақсатына берік болды.
1988 жылы Нұргүл мұғалімдік жолын Қостанай облысындағы Жалдама орта мектебінде бастады. Сол кезде орыс мектептерінде алғаш рет қазақ сыныптарын ашу басталған болатын. Мектеп директоры оған: «Өз сыныбыңды құру үшін балаларды үйлерінен өзің іздеп табуың керек» деген, себебі аудан орталығында қазақ мектебі жоқ еді. Көптеген ата-аналар балаларын орыс сыныптарына беруге бейім болды. 19 жасар Нұргүл бірінші сынып оқушыларының тізімі мен мекен-жайларын алғанымен, оның сөздеріне көп адам сенім артпады. Алайда, 1 қыркүйекке қарай мектеп директоры дәрігерлердің, мұғалімдердің және милиция қызметкерлерінің балаларын жинап, 12 оқушыдан тұратын қазақ сыныбын ашты.
Нұргүл, жас маман ретінде, қазақ сыныбының берік білім ордасы бола алатындығын көрсету үшін тынымсыз еңбек етті. Ол сабақтарын және тәрбие бағдарламаларын жүргізу үшін, сценарийлер мен сабақ жоспарларын жазып, әр сабаққа арналған көрнекі материалдарды, суреттер мен плакаттарды жасауға көп уақыт бөлді. Жас маманның мақсаты – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әр баланың ұлттық құндылықтарын, тілінің байлығын мақтан тұтуға және тарихын құрметтеуге үйрету болды. Нұргүл оқушыларға толыққанды тәрбие беру үшін мектептен тыс қосымша жұмыстардың маңызды екенін түсініп, олардың әрқайсысының қызығушылықтарын ескере отырып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесті.
Жас маман 1989-1993 жылдары аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтына оқуға түсіп, «Бастауышты оқыту педагогикасы мен методикасы» бөлімін аяқтап, өз білімін жоғарлатты.
Тәуелсіздік жылдарымен еңбек жолы қатар келген Нұргүл өз еңбек өтілін 2009 жылдан бері Елорда мектептептерінде жалғастырды. 35 жыл еңбек өтілінде мыңға жуық балалардың алғашқы ұстазы болып, қолдарына қалам ұстатып, әріп танып, елінің патриотты азаматы болуына ықпал етті.
Нұргүл Надырәліқызының шәкірттері Республикалық деңгейдегі «Бастау», «FEMO» сияқты олимпиадаларда және ғылыми жобалар байқауларында бас жүлделер мен жоғары орындарды иеленуде үздіксіз табысқа жетуде.
Нұргүл Надырәліқызының білім беру саласындағы біліктілігі мен жеткен жетістіктері, сондай-ақ өнегелі тәжірибесі ескеріліп, оған «Шебер ұстаз» деген санаты берілді. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі тарапынан да бағаланып, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды.
Нұргүл Надырәліқызы «Үздік сынып жетекші-2024» байқауы жеңімпазы ретінде сұхбат беріп, байқау туралы өз ойымен бөлісті.
– Неліктен сіз осы байқауға қатысуға шешім қабылдадыңыз?
– Алдымен өзімнің сынып жетекшілік мәртебемді көтеру. Сыныбымдағы тәрбие жұмысымның жүйесін көрсету, тәжірибемді тарату, біліктілігімді байқату, сонымен қатар, жаңа дағдылар меңгеру. Жылдар бойғы атқарылған жұмыстарымның нәтижесімен бөлісе отырып, оның бала тәрбиелеудегі маңыздылығын атап көрсету.
– Бұл байқау сізге не берді?
– Ата-ана мен оқушыларым арасындағы ынтымақтастығым артты. Инновациялық және шығармашылық идеяларым ашылды.
– Жеңісіңіз туралы білгенде қандай эмоциялар сезіндіңіз?
– Эмоция өте көп болды, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біліміне тәжірибесі сай қатысушылармен сайысу, оқ бойы озық тұрып, дара шығу, мен үшін керемет болды.
– Сіз өз жұмысыңызда қандай құндылықтарды ұстанасыз? Сіз үшін не маңызды?
– Мұғалім өз жұмысында бірнеше рөлді қатар атқарады. Мысалы, балаларды оқытады, тәрбиелейді, денсаулығына назар аударады, көңіл-күйін бақылайды, сырласады, т.б. Осыларды есепке ала отырып, адамгершілік құндылықты алдыңғы орынға қоямын. Адамгершілігі мықты оқушы салт-дәстүрін, тілін, ділін, дінін сақтау, құрметтеу сияқты құндылықтарды бойына сіңіреді. Әрине, мен үшін алдымен шебер, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз бола отырып, бала бойына өмірге қажетті ұстанымдар мен құндылықтардың бәрін дарыту.
– «Мектеп-ата-ана-ұстаз» өзара қарым-қатынас маңыздылығы туралы ойыңыз кандай?
– «Мектеп-ата-ана-ұстаз» арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Онсыз білім алу мен тәрбиелеуді елестету мүмкін де емес. Баланың адамшылдығы мен тәрбиелілігі жақсы ата-ана мен білікті ұстаздан. Екі жақты тәрбиенің әсерінен толыққанды тұлға қалыптасады. Мектеп болсын, ата-ана болсын, ұстаз бен шәкірт болсын, әркім өз міндетін жақсы түсінуі керек.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» айтқандай, бала тәрбиесінде мектеп, мұғалім және ата-ананың қоғамдастығының орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың жан-жақты өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.
Жалпы мектепте ата-аналар комитеті мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына ат салысып отырады.
Осы тұрғыда, өз тәжірибемде ең алдымен оқушыны тану үшін оның отбасын толық тану керек. Әрине ол үшін әртүрлі іс – шаралар: жиналыс, кездесу, «дөңгелек үстел», онлайн кездесу, анкеталық сұрақ-жауаптар т.б ұйымдастырамын. Бірінші сыныптан оқушыларды оқушы қоғамын құрумен қатар ата-аналар қоғамын құрып әр ата-ана бір-бірінің балаларын өз балаларындай қабылдауына ықпал жасайтын жағдаяттық тапсырмалар орындатудан бастап, балаларының достық қарым-қатынастарындағы қылықты істерінен мысалдар келтіріп, кездесулерді қызықты өткіземін. Өз баласына деген басқа сыныптас баланың достық, мейірімдік қарым-қатынасын байқаған ата-аналар арасында да ынтымақтық орнайды.
Барлық мектепішілік, сыныптық іс-шараларға ата-аналарды қатыстырып отырамын. Сынып тәрбие сағаттарында қарастырылған жағдаяттар мен оның қабылданған шешімдері туралы бөлісіп отырамын. Сабақтан тысқары мәдени, танымдық, спорттық демалыстарды ата-аналармен бірге, мектеп рұқсатымен ұйымдастырып отырамыз.
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Осы жағдайды жасап отырған біздің мектебімізді ата-аналар өз балаларының болашағы үшін таңдайды. Біздің мектебімізді таңдаудағы ата-аналардың шешімінің дұрыстығын мектебіміздің тарихы мен түлектері дәлелдеуде.
– Жас мұғалімдерге қандай кеңес бересіз?
– Бастысы ұжыммен, баламен бірге болу, жақын болу. Ерінбей, жалықпай, жауапкершілікпен жұмыс жасау. Мұғалім болып бастағаннан өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену. Соның ішінде әріптестерінен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену ең мықты құралы болады. Сырт көздің бағасынан қорықпау, батыл шешім шығарып, қателікпен жұмыс жасау. Тек жақсы оқитын емес, қиындық келтіретін баланы да назардан тыс қалдырмау. Тынымсыз еңбек ету, бала жанын түсіну, жақсы көру.
Вам также может быть интересно:
Поступление в РФМШ — 7 класс на грант
В филиалах Республиканской физико-математической школы в Астане и Алматы состоялся День открытых дверей. Мероприятие посетило порядка 1000 учеников и их родителей, которые получили…
VII Международная олимпиада по математике FEMO
Уважаемые учащиеся 1-5 классов! ✅Приглашаем Вас принять участие в Зимнем туре VII Международной олимпиады FEMO International по математике. ❄️ Олимпиада состоится — 8…
День открытых дверей — 2024
16 ноября 2024 года в филиале Астана РФМШ проводит «День открытых дверей». На данное мероприятие приглашаются учащиеся 5-6 классов и их родители. Гостям будет…
В соответствии с поручением Президента Государственный советник Ерлан Карин принял призёров международных предметных олимпиад
В соответствии с поручением Президента Государственный советник Ерлан Карин принял призёров международных предметных олимпиад . Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на недавнем республиканском…
«Антиплагиат — Казахстан» и «РФМШ» заключили меморандум о сотрудничестве
НАО «Республиканская физико-математическая школа» (РФМШ) и компания «Антиплагиат — Казахстан» заключили меморандум о сотрудничестве. В рамках данного партнерства планируется проверка проектных, экзаменационных и…
Открыта онлайн регистрация на вступительные экзамены для обучения на платной основе
Уважаемые родители, законные представители! С 01 октября по 25 октября 2024 года на сайте https://admissions.fizmat.kz будет открыта онлайн регистрация на вступительные экзамены для обучения на…
Используйте с пользой свободное время!
Сегодня в столичном филиале «РФМШ» была организована ярмарка «Кружковой работы, спортивных секций и социальных клубов». Учителя и учащиеся старших классов представили больше 20…
В стране стартует республиканский конкурс на звание «Лучший классный руководитель – 2024»
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК В стране стартует республиканский конкурс на звание «Лучший классный руководитель – 2024» Министерство просвещения Республики Казахстан…
По 5,5 миллионов тенге получат казахстанские школьники за победу на всемирных олимпиадах
Денежные премии получат 26 казахстанских школьников, завоевавших призовые места на ТОП-7 престижных олимпиадах. Общая сумма вознаграждения превысит 77,5 миллионов тенге. По итогам 2023-2024…
Итоги АІМО-2024 (Asian International Math Olimpiad)
Олимпиада АІМО-2024 (Asian International Math Olimpiad) прошла с 27 по З1 июля в г.Сеул. Участие приняли 1400 школьников из 16 стран мира. Среди…