Некоммерческое акционерное общество Республиканская
физико-математическая школа филиал г. Астана
06
Авг
24

“Ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен еңбекке ұштастырылуы қажет” — бастауыш сынып мұғалімі Джампеисова Шолпан Сламияқызы



Джампеисова Шолпан Сламияқызы Жетісу облысы Жаркент қаласында дүниеге келді. Әкесі бухгалтерлік қызметте болса, анасы 40 жылдан аса  математика пәнінің мұғалімі — ардақты ұстаз болды. Анасының жолын қуып мұғалімдік мамандықты таңдады.  Ұстаздық  еңбек жолы 1994 жылы Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Кішішыған ауылында басталған. 1998 жылдан 2015 жылға дейін  Алматы қаласында №32 ЖБММ мектепте қызмет атқарды, содан 2015 жылы арман қуып, Астана қаласына қоныс аударып, №66 мектеп-лицейінде еңбек жолын жалғастырды. 2016 жылы Астана қаласында жаңадан ашылған Республикалық  физика- математика мектебінің арнайы қабылдау конкурсынан өтіп, бастауыш сынып мұғалімі болып орналасты. Осы білім ордасында 8 жыл бойы еңбек етіп келеді. Шолпан Сламияқызы бастауыш сыныптарда математика, сингапурлық математика және олимпиадалық математикадан сабақ береді. Сонымен қатар олимпиадалық резервтегі оқушылармен жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, 2023 және 2024 жылы екі дүркін 2-4 сыныптар  оқушыларына арналған республикалық «Бастау»  математикалық турнирінде Бас жүлде алып, жеңімпаз болса, мектебімізден 2016 жылдан бастау алған математикадан FEMO International халықаралық олимпиадасында шәкірттері жүлделі орындар алды. Сонымен қатар 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсында көптеген оқушылары 1,2 және 3-орынды иеленді. Сингапурлық математикадан,  олимпиадалық есептерді шешу жолдары  және сын тұрғысынан ойлау әдістері туралы көптеген республикалық және қалалық семинарлар өткізді. Еңбегінің нәтижесі 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы», 2021 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» берілді. 2022 жылы «Балапан» телеарнасында еліміздегі үздік оқушыларды қолдауда «Білім бәйгесі» зияткерлік телесайысында қазылық етіп, жобаның сапалық деңгейін арттыруға атсалысқаны үшін «Алғыс хат» алды. 2023 жылы «РФММ — 50 жыл төсбелгісімен»  марапатталды. Біліктілік санаты педагог – шебер. 2020 және 2021 жылдары бастауыш білім деңгейі бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендеріне сараптама жүргізді.    “Үздік мұғалім — 2024” байқауының жеңімпазы сұхбатында математика сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі туралы ойымен бөлісті.

«Жыл мұғалім — 2024» байқауына қатысу сізге не берді?

«Жыл мұғалім — 2024» байқауынан мен көп тәжірибе алдым. Байқау оқу жылы бойы үш кезеңнен болды. Бірінші кезеңде ашық сабақ өткізіп ұстаздық тәжірибеммен бөлістім. Екінші  кезеңде тек ұстаз емес басқада яғни ән айту, домбыра тартып, тоқыма тоқу өнерімді көрсеттім. Ал үшінші кезең 5 жылдық еңбек нәтижесі бойынша портфолио жасап өткіздік. Байқау барысында мен өзіме деген сенімділігім, мамандығыма деген сүйіспеншілігім артып, бәсекелестік оңай еместігін білдім.  Бұл байқауға қатысқан басқа да мықты ұстаздардың арасынан жүлдегер болу, мен үшін үлкен жетістік, қуаныш болды.

Осы байқаудың арқасында өзіңіз үшін қандай жаңа жаңалықтар аштыңыз?

Басқарма және мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған бұл байқау мұғалімге мотивация, үлкен тәжірибе берді. Әрбір кезеңде мұғалімге нақты нұсқаулар, критерийлер берілгендіктен, әр кезең түсінікті болып,  қорытындысы шығып отырды. Осындай байқаулар ұйымдастырып, мектебіміздегі ұстаздардың шығармашылық , жан-жақты өсуіне қолдау жасаған басқарма, мектеп әкімшілігіне үлкен рақмет.  

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп, Абай атамыз айтқандай, мен осы мамандықты жақсы көріп таңдадым.  Әр сабағымды мейілінше түрлендіріп, балаларға түсінікті және қызықты өткізуге тырысамын. Бұл байқауға қатысу барысында менде жан-жақты ізденіс барысында  және шығармашылық бағытта  құлшыныс болды.   

Байқауда жеңіске жетуге не көмектесті деп ойлайсыз?

Әрине байқауда жеңіске жетуге өзіме деген сенімділігім, мамандығыма деген сүйіспеншілігім, әріптестерімнің, ата-аналарымның және оқушыларымның  қолдауы көмектесті. «Өзара сыйластықтың алмайтын қамалы жоқ»- демекші, әрбір қолдау көресеткен жандарға алғысым шексіз! Еңбегім ақталып, байқауда жеңіп шыққаныма қуаныштымын.

Өз жұмысыңызда оқытудың қандай әдістері мен тәсілдерін қолданасыз?

Қазақ халқында «білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» -деген жақсы сөз бар, әлбетте әсіресе ұстаз болған соң, мен  әркез өзім де көп ізденіп, жаңалықтардан қалмай, әркез білім алуға тырысамын. Қазіргі ақпараттық қоғамда балалардың дамуы ерекше. Сондықтан мұғалім де  оқытудағы заманауи озық технологияларды қолданып, білім саласындағы  заманауи үдерістен қалмай, оқушының білім сапасын арттыру  керек. Қазіргі кезде білім берудің мазмұны жаңарды, өзгерістер болуда, сондықтан заманның талабына қарай сабақтағы әдіс-тәсілдер де өзгеруде. Мен  әр сабағымда оқушыларым жақсы түсініп, терең білім алу үшін, қызықтыру мақсатында  оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен қатар ақпараттық жаңа технологияларды қолданамын. Мысалы, https://www.plickers.com/library қосымшасы көбінесе оқушылардың жаңа білімді қалай түсінгенін тиянақтауда өте тиімді. Балалар берілген тапсырмаларды орындап, QR кодты пайдаланып, өз жауаптарын көрсетеді. Барлық оқушының жауабы бірден көрініп, нәтижесі талданады. Сонымен қатар оқушылармен «Тұмарша» ойыны https://www.tarsiamaker.co.uk/ қосымшасымен жасау өте тиімді. Оқушылар топпен тапсырманы орындап, жауабы жазылған тұмаршаны сәйкестендіріп пазл құрап шығады. Мұғалім тарапынан берілген нақты жауапты алып өзін-өзі тексеру болады. Сондай-ақ мен сабақтарымда сингапурлық математикасында қолданатын ресурстар мысалы, арнайы разрядтар жазылған дисктер, оқушылардың үш таңбалы сандарды ондықтан аттап көбейтіп, бөлуді жақсы үйренуге көмектеседі. Оқытудағы жаңа  технологиялар ұстаз бен оқушыға аз жұмыс жасап, жақсы нәтижелерге жетуге болады. Сонымен қатар  ақпарат көздерін пайдаланып, сабақта белсенді қатысу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқуға деген ынтасын арттырады.

Осы оқу жылында сіз және оқушыларыңыз қандай нәтижелерге қол жеткізді?

Осы оқу жылы мен үшін  жемісті болды. Көптеген іс-шаралар атқарылып, оқу жылын жақсы көрсеткіштермен аяқтадық.  Шығармашылығымды дамытуда мұғалімдерге арналған Математикадан бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында 1-орын, Қазақ тілі пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында 3-орын алдым. «РФММ Жыл-мұғалімі» байқауға қатысып, жеңімпаз болдым. Сондай-ақ шәкірттерім де математикадан олимпиадаларға қатысты, атап айтар болсам Казкенов Абулхаир «Бастау» XVII Республикалық математикалық олимпадада  топтық  есепте Бас жүлде алса, жеке есепте 1-орын иеленді. Сондай-ақ  биыл Ташкентте өткен  VI Халықаралық FEMO International олимпиадасы финалында шәкірттерім Аймышев Карим және Казкенов Абулхаир 1-орын, Базар Ерасыл мен Калимбетов Мадиар 2- орын, Алиакбар Санжар 3-орын алып, мектебіміздің дәрежесін, Қазақстан оқушыларының білім деңгейінің жақсы екенін көрсетіп қайтты.  

Неліктен мұғалімдер осындай конкурстарға қатысу керек деп ойлайсыз? 

Мұғалімдер осындай байқауға қатысу керек. Себебі байқауға қатысқанда мұғалім өз тәжірибесін шыңдап, білімін кеңейтеді, өзіне деген сенімділігі артады. Сонымен қатар мұғалім байқауға  қатысу арқылы өзін дәлелдеп қана қоймайды, өзге мұғалімдердің қай деңгейде тұрғанынан хабардар болады және өзін дамыта түсу үшін құлшыныс пайда болады. Бұл, тек сайыс қана емес, тәжірибе алмасу деп атаса да болады. Осындай байқаулар мұғалім жұмысына шабыт сыйлап, тәжірибе жинап, бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады.

Рубрики

    Вам также может быть интересно:

    03
    Дек
    25

    ✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!

    РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…

      03
      Дек
      25

      Гордость школы!

      Учениk 8 «В» класса Сариев Нурамир Дарханович стал бронзовым призёром на “Jiu-Jitsu World Cup 2025” в Бангкоке (Таиланд)! Огромный труд, сила воли и…

      02
      Дек
      25

      УЧЕНИК РФМШ ЭДГАР МАМЕДОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕЗИДЕНТОМ

      Президент встретился с казахстанскими шахматистами-призёрами чемпионатов мира. Среди участников встречи — чемпион мира по шахматам в категории до 16 лет Эдгар Мамедов, ученик…

        28
        Ноя
        25

        О Б Ъ Я В Л Е Н И Е

        Республиканская физико-математическая школа сообщает об утверждении ключевых сроков конкурсного отбора для приема в 7-й класс на 2026–2027 учебный год. ️ Онлайн-регистрация на вступительный…

          24
          Ноя
          25

          Ученик РФМШ стал призёром Президентской олимпиады

          Ученик РФМШ Сабитов Ислам завоевал бронзовую медаль на Президентской олимпиаде! Это выдающееся достижение и повод для большой гордости для всей школы. Благодарим преподавателей,…

            17
            Ноя
            25

            Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!

            2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…

              17
              Ноя
              25

              Учителя РФМШ совершенствовали свои навыки в Оксфорде!

              В рамках реализации Стратегии развития НАО «РФМШ» на 2024–2029 годы и для повышения квалификации наши преподаватели из Алматы, Астаны и Уральска прошли образовательные…

                14
                Ноя
                25

                РФМШ приглашает принять участие в VIII Международной олимпиаде FEMO International!

                ✨ FEMO International (Fizmat Elementary Math Olympiad) — один из наиболее динамично развивающихся международных математических конкурсов. Олимпиада направлена на выявление талантливых детей и…

                  13
                  Ноя
                  25

                  ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына тіркелу басталды!

                  2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтеді. Бұл беделді білім сайысы…

                    12
                    Ноя
                    25

                    Участие педагогов РФМШ в международной конференции в США

                    В стратегии развития РФМШ на 2024–2029 годы одним из двух ключевых направлений является улучшение условий для преподавателей. Особое внимание уделяется созданию возможностей для…