FEMO International олимпиадасының қысқы кезеңі өтті

Әлем бойынша 19 елдің басын біріктірген FEMO International олимпиадасының қысқы кезеңі қорытындыланды. Fizmat Academy және Республикалық физика-математика мектебінің ұйымдастыруымен биыл VII мәрте өткізілген білім додасына 2500 жуық оқушы қатысты.
Отандық олимпиадаға Қазақстанмен қатар Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь, Түркия, Сауд Арабиясы, Грузия, Тәжікстан, Австрия, Испания, Коста-Рика, Норвегия сынды елдердің жас математиктері ерекше қызығушылық танытқан. Қазақстан бойынша Астана, Алматы, Орал, Ақтау, Атырау, Шымкент, Павлодар, Өскемен қалалары мен Әзірбайжан, Қырғызстан, Германия және Тәжікстан елдерінің оқушылары олимпиадаға оффлайн қатысса, өзге өңірлер мен елдердің 1-5 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын онлайн орындауға мүмкіндік алды.
«Менің ойымша бұл олимпиада оқушылардың математикаға, олимпиадаға қатысуға деген құлшыныстарын арттырады. Мен есептерді шешуде қатты қобалжыған жоқпын. Femo олимпиадасына жақсы дайындықпен келдім. Дайындық кезінде аптасына 20 есептен шығарып жүрдім. Кез келген жарыста жеңу үшін көп еңбектену керек» – дейді 5- сынып оқушысы Азат Мұздақ.
Femo International-дың ұйымдастыру комитеті аталған білім сайысының жыл сайын аудиториясы кеңейіп, тапсырмалар мазмұнының да тереңдетіле түскендігін тілге тиек етеді.
Әрі бұл олимпиада бастауыш сынып оқушыларын ғылымға баулудың алғышартына да айналуы әбден мүмкін.
Жанна Жүнісова, «Fizmat Academy» орталығының директоры
«Жалпы алғанда Femo – тек таланттарды тану платформасы ретінде ғана емес сонымен бірге Қазақстанның әлем елдерімен білім саласындағы байланысын бекемдеп, халықаралық ынтымақтастығын арттыруға да айрықша ықпал ете түсуде. Бұл олимпиада алдағы уақытта тек жарыс ретінде ғана қалмай нағыз даму мен достықтың мектебі ретінде танылса екен дейміз»
Айта кету керек, олимпиада нәтижелері қатысушылардың электрондық мекенжайларына 2024 жылдың 17 желтоқсанында ал 18 желтоқсанда сертификаттар мен дипломдар жіберіледі. 2024 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі www.femo.kz. ресми сайтында жарияланады.
Вам также может быть интересно:
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
Состоялся зимний тур VIII международной олимпиады FEMO
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — это авторский международный образовательный проект, реализуемый Республиканская физико-математическая школа совместно с Fizmat Academy. В этом году олимпиада…
Отборочный этап XXVI Открытой Городской Жаутыковской олимпиады!
20 декабря 2025 года состоится онлайн-отбор среди школьников по предметам: Математика (6–8 класс) Физика (7–8 класс) Информатика (6–8 класс) Цель олимпиады: выявление и…
✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!
РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…
Гордость школы!
Учениk 8 «В» класса Сариев Нурамир Дарханович стал бронзовым призёром на “Jiu-Jitsu World Cup 2025” в Бангкоке (Таиланд)! Огромный труд, сила воли и…
УЧЕНИК РФМШ ЭДГАР МАМЕДОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕЗИДЕНТОМ
Президент встретился с казахстанскими шахматистами-призёрами чемпионатов мира. Среди участников встречи — чемпион мира по шахматам в категории до 16 лет Эдгар Мамедов, ученик…
О Б Ъ Я В Л Е Н И Е
Республиканская физико-математическая школа сообщает об утверждении ключевых сроков конкурсного отбора для приема в 7-й класс на 2026–2027 учебный год. ️ Онлайн-регистрация на вступительный…
Ученик РФМШ стал призёром Президентской олимпиады
Ученик РФМШ Сабитов Ислам завоевал бронзовую медаль на Президентской олимпиаде! Это выдающееся достижение и повод для большой гордости для всей школы. Благодарим преподавателей,…
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…
Учителя РФМШ совершенствовали свои навыки в Оксфорде!
В рамках реализации Стратегии развития НАО «РФМШ» на 2024–2029 годы и для повышения квалификации наши преподаватели из Алматы, Астаны и Уральска прошли образовательные…


