Қазақстан құрамасы мен РФММ жеңісі: Анастасия Пономарёва халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері

Румыния астанасы Бухарест қаласында өткен олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды. IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсеткен команда сапындағы 6 оқушының тең жартысы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары.
«РФММ»-нің Алматы және Астана қалаларындағы филиалдарының ұжымы чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды.

Болашақ жас ғалымдардың арасында Астана қаласындағы физмат мектебінің 9-сынып оқушысы Анастасия Пономоревада бар. Ол халықаралық IJSO олимпиадасында қола жүлдені жеңіп алды.
Анастасия Пономоревa, «РФММ» КеАҚ Астана қаласындағы филиалының оқушысы:
Бұл менің алғашқы халықаралық олимпиадам. Мен үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Қазақстан құрамасы өте жақсы дайындықпен аттандық. Сондықтан болар мен олимпиада барысында қатты қобалжыған жоқпын. Сол үшін де өзімнің Республикалық физика-математика мектебіндегі мұғалімдеріме зор алғыс білдіремін, — дейді.
Айта кету керек, Анастасия 1-сыныптан бастап Астанадағы физмат мектебінде білім алып келеді. Бастауыш буында республикалық «Бастау» олимпиадасында 2 орын иеленсе, 8-сыныпта республикалық сынның жеңімпазы атанған.
⚗️Жаратылыстану бағытындағы пәндерге қызығушылық танытқан оқушы осы жолы әлемнің 60 елінен 400-ге жуық оқушы қатысқан дүбірлі дода да топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көріне білді.
Анастасияның ендігі арманы – халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алу.
Вам также может быть интересно:
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
Состоялся зимний тур VIII международной олимпиады FEMO
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — это авторский международный образовательный проект, реализуемый Республиканская физико-математическая школа совместно с Fizmat Academy. В этом году олимпиада…
Отборочный этап XXVI Открытой Городской Жаутыковской олимпиады!
20 декабря 2025 года состоится онлайн-отбор среди школьников по предметам: Математика (6–8 класс) Физика (7–8 класс) Информатика (6–8 класс) Цель олимпиады: выявление и…
✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!
РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…
Гордость школы!
Учениk 8 «В» класса Сариев Нурамир Дарханович стал бронзовым призёром на “Jiu-Jitsu World Cup 2025” в Бангкоке (Таиланд)! Огромный труд, сила воли и…
УЧЕНИК РФМШ ЭДГАР МАМЕДОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕЗИДЕНТОМ
Президент встретился с казахстанскими шахматистами-призёрами чемпионатов мира. Среди участников встречи — чемпион мира по шахматам в категории до 16 лет Эдгар Мамедов, ученик…
О Б Ъ Я В Л Е Н И Е
Республиканская физико-математическая школа сообщает об утверждении ключевых сроков конкурсного отбора для приема в 7-й класс на 2026–2027 учебный год. ️ Онлайн-регистрация на вступительный…
Ученик РФМШ стал призёром Президентской олимпиады
Ученик РФМШ Сабитов Ислам завоевал бронзовую медаль на Президентской олимпиаде! Это выдающееся достижение и повод для большой гордости для всей школы. Благодарим преподавателей,…
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…
Учителя РФМШ совершенствовали свои навыки в Оксфорде!
В рамках реализации Стратегии развития НАО «РФМШ» на 2024–2029 годы и для повышения квалификации наши преподаватели из Алматы, Астаны и Уральска прошли образовательные…