Некоммерческое акционерное общество Республиканская
физико-математическая школа филиал г. Астана
23
Янв
26

Бастауыш мектеп апталығы



2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізіліп, «Заң және тәртіп» құндылығына арналды.

Апталықтың негізгі мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық, жауапкершілік, тәртіп және азаматтық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Бес күн бойы 1–4 сынып оқушылары түрлі танымдық, тәрбиелік және интерактивті іс-шараларға белсенді қатысты.

Апталықтың салтанатты ашылуы 19 қаңтар күні өтті. Осы күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Мектептің қауіпсіз болуы үшін мен не істей аламын?» тақырыбында шағын сауалнама жүргізіліп, бейнероликтер әзірленді. Оқушылар жеке жауапкершілік, өзара сыйластық пен қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

20 қаңтар күні іс-шаралар мазмұны жағынан аса ауқымды болды. 2–3 сынып оқушыларына арналған «Болады — болмайды» атты интерактивті ойында мінез-құлық нормалары мен күнделікті өмірдегі жағдаяттар талқыланды. Ал 1-сынып оқушылары «Заң және тәртіп» квестіне қатысып, логикалық тапсырмалар мен командалық жұмыс арқылы білімдерін көрсетті.


Сондай-ақ осы күні оқушылар Ардақ Мамырбекұлы Сансызбаевпен — полиция полковнигі, отставкадағы қызметкер, ҚР Бас прокуратурасының бұрынғы прокурорымен кездесті. Кибербуллинг тақырыбындағы кездесу барысында балалар цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен өзара құрметтің маңызын түсінді. Сонымен қатар «Тәртіпті сақтауға кім көмектеседі?» атты панельдік сессия өтіп, оқушылар мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандардың қызметімен танысты.

21 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары балалар жазушысы Мадина Омармен кездесті. «Айша және қауіпсіздік ережелері» кітабы негізінде өткен кездесуде екінші сынып оқушылары адамгершілік, жауапкершілік пен тәрбие туралы әңгімелесті. Ал бірінші сыныптарға арналған «Тәртіпті кім орнатады?» ойыны арқылы балалар өз білімдерін бекітті.

22–23 қаңтар күндері «Заң және тәртіп әлеміне саяхат» атты ойын сабақтары мен «Жол қозғалысы ережелерінің жас білгірі» байқауы өткізілді. Апталықтың қорытынды іс-шарасы ретінде 3–4 сынып оқушылары адвокат Сағынғали Нұрхатұлы Елеуовпен кездесіп, құқықтар мен міндеттер, әділдік ұғымдары туралы қарапайым әрі түсінікті ақпарат алды.

Апта бойы мектепте «DosbolLike» сурет көрмесі жұмыс істеп, сынып сағаттары мен тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызықты әрі қолжетімді форматта өткізілді.

Қазіргі таңда Астана филиалының бастауыш мектебінде 19 сынып білім алуда. Апталық барысында барлық сыныптарда тақырыпқа сай ашық сабақтар өткізілді, оқушылар жоғары белсенділік танытты.

Аталған апталық бастауыш мектеп оқушыларына заң мен тәртіптің маңызын ерте жастан ұғындырып, жауапты, адал және белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Рубрики

    Вам также может быть интересно:

    19
    Янв
    26

    Стартовал конкурс «Лучший классный руководитель – 2026»

    В филиале  НАО *Республиканская физико-математическая школа» в городе Астане объявлен конкурс профессионального мастерства «Лучший классный руководитель – 2026». Конкурс проводится с целью выявления…

      14
      Янв
      26

      FIZMAT Education Fair – 2026 

      В городе Алматы в рамках XXII Международной Жаутыковской олимпиады состоялась образовательная выставка FIZMAT Education Fair – 2026. В мероприятии приняли участие 25 высших…

        14
        Янв
        26

        XXII Международная Жаутыковская олимпиада — 2026

        В городе Алматы состоялась XXII Международная Жаутыковская олимпиада по математике, физике и информатике. В международном интеллектуальном состязании приняли участие 612 школьников и 122…

          15
          Дек
          25

          ⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!

          Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…

            12
            Дек
            25

            Жас дарын жүлдесі

            РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран — При ұтып алды. Құтты болсын✨

              10
              Дек
              25

              ⚽️ Ученик РФМШ стал серебряным призёром международного турнира «ASTANA CUP»!

              В этом престижном соревновании Гимранов Алихан выступал в составе футбольного центра «Астана», прославив нашу столицу и нашу школу! ✨ ⭐️ Благодаря своей настойчивости…

                09
                Дек
                25

                Пробный тест доступен для прохождения!

                Для всех учащихся, планирующих поступать в 7-й класс Республиканской физико-математической школы, опубликована первая версия пробного теста. Тест доступен для всех желающих. Тест проходит…

                  07
                  Дек
                  25

                  Состоялся зимний тур VIII международной олимпиады FEMO

                  FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — это авторский международный образовательный проект, реализуемый Республиканская физико-математическая школа совместно с Fizmat Academy. В этом году олимпиада…

                    06
                    Дек
                    25

                    Достижения педагогов РФМШ на конкурсе «Лучшая авторская программа»

                    Два учителя Республиканской физико-математической школы были награждены на Республиканском конкурсе «Лучшая авторская программа»! Учитель РФМШ Зайцева Е.П. заняла I место в секции «Менеджмент»!…

                      04
                      Дек
                      25

                      Отборочный этап XXVI Открытой Городской Жаутыковской олимпиады!

                      20 декабря 2025 года состоится онлайн-отбор среди школьников по предметам: Математика (6–8 класс) Физика (7–8 класс) Информатика (6–8 класс) Цель олимпиады: выявление и…