VI республикалық «Ақберен» өнер байқауы

Қараша айының 21–23 күндер аралығында Щучинск қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен шығармашыл оқушылар арасындағы VI республикалық «Ақберен» өнер байқауы өткізілді. Ұйымдастырушылар байқау басталмас бұрын барлық оқушылар мен жетекшілерге қазақ даласындағы ерекше сұлу, мейлінше көрікті мекендерінің бірі – Көкшетау өңірінің тарихымен таныстырды. Көкшететаудың керемет жерлері Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас жартасы, Абылай алаңына да саяхат жасалды. Күннің суығына қарамастан Көкшетау өңірінің сұлу табиғатына тамсанып, уақыттың қалай зымырап өткені де байқалмады. Байқаудың негізгі мақсаты 8–11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін, тапқырлығын, дарынындылығын дамыту. Байқауға республикадағы арнайы мектептердің, гиназиялардың, лицейлердің жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары қатысты.
Байқау 6 номинация бойынша өткізілді
- Шешендік сайыс
- Көркемсөз оқу.
- Эссе жазу.
- Ұлттық аспапта өнер көрсету.
- Ақындар айтысы.
- Ақындар мүшәйрасы.
Біздің мектептен 9В сынып оқушысы Кенжеханов Нұрбек ұлттық аспап домбырада ойнады , 10Z сынып оқушысы Жанат Алуа «Қазақтың бір құбыласы — Абай» деген тақырыпта эссе жазды, 10Z сынып оқушысы Қайырбай Темірлан Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасынан үзінді, 6А сынып оқушысы Есенбай Ануар өз шығармашылығынан «Сыр елім» өлеңін мәнерлеп жатқа айтты. Ал 9В сынып оқушысы Абдулла Али шешендік өнерге қатысып бақ сынасты. Сайыстың қорытындысы бойынша барлық оқушыларға сертификат берілді, Кенжеханов Нұрбек «Мақтау қағазымен» марапатталды.
Оқушыларымыз алдағы уақытта да көптеген республикалық байқауларға қатысып, мықтылардың мықтысы, жүйріктердің жүйрігі болатынына сенеміз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңдер!!!
Вам также может быть интересно:
FIZMAT STEM Lab: English Edition — летняя школа STEM на английском языке
Дорогие друзья! Приглашаем вас принять участие в летней школе FIZMAT STEM lab: English edition Условия участия: Пройдите онлайн-тест по английскому языку. Приглашение при…
Триумф FIZMAT в Хьюстоне: FIRST Championship 2026
С 29 апреля по 2 мая 2026 года в городе Хьюстон, США, на площадке George R. Brown Convention Center прошёл международный чемпионат FIRST…
Объявление
Конкурсный отбор для получения образовательного гранта на поступление в 7 класс Республиканской физико-математической школы состоится 25 апреля 2026 года в указанных городах Казахстана….
Информация об экзамене конкурсного отбора в 7 класс Республиканской физико-математической школы
Экзамен в рамках конкурсного отбора для получения образовательного гранта на поступление в 7 класс Республиканской физико-математической школы состоится 25 апреля 2026 года. Время…
В Астане завершился международный турнир «Fizmat Chess Open Astana 2026»
Международный турнир «Fizmat Chess Open Astana 2026», прошедший в Республиканской физико-математической школе города Астана, стал настоящей ареной интеллектуальной борьбы. В течение двух дней…
День открытых дверей и пробное тестирование
Уважаемые родители / законные представители! Филиал НАО «Республиканская физико-математическая школа» в г. Астане приглашает Вас принять участие в нашем мероприятии “День открытых дверей”,…
Ученица РФМШ из Астаны поступила в Harvard University
Ученица РФМШ г. Астана Бөрте Сайранбекқызы поступила в Harvard University. С самого первого дня обучения в РФМШ, с 6 класса, Бөрте проявляла исключительную…
Достижения учеников РФМШ на республиканских олимпиадах по математике и физике
Ученики РФМШ вновь продемонстрировали свои знания на республиканских олимпиадах: Математика: 10-й класс — серебряная медаль в Костанае.⚛️ Физика: 11-й класс — бронзовая медаль…
Учитель FIZMAT — лучший в СНГ!
Квалифицированный преподаватель математики школы Fizmat Дана Уйсинбаевна стала победителем Международного конкурса «Лучший педагог СНГ»! Эта победа — результат её высокого профессионализма, неустанного труда…
Новая Конституция – новый этап развития страны
Глава государства Қасым-Жомарт Тоқаев подписал указ о введении в действие новой Конституции. Конституция – это важнейший исторический документ, определяющий долгосрочные ориентиры развития страны…