Информатика және робототехника кафедрасы
Кафедра жұмысының мақсаты – білім берудің жаңа стандартының талаптарына сәйкес оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің заманауи сапасын қамтамасыз ету.
Республикалық физика-математика мектебінің информатика және робототехника кафедрасы оқушылардың цифрлық және инженерлік құзыреттіліктерін белсенді түрде дамытуға күш салады. Негізгі назар қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларына және оны тәжірибемен ұштастыруға бағытталған. Инновациялық технологияларды енгізу ісіне де ерекше мән беріледі.
Кафедрада 13 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде:
1 педагог-шебер;
2 педагог-зерттеуші;
2 педагог-сарапшы;
4 педагог-модератор;
6 оқытушы магистр дәрежесіне ие.
Оқушылар бағдарламалау тілдерін (Python, C++, Java, Swift) меңгереді, жобалық қызметке қатысады, өздерінің мобильді қосымшаларын, сайт және робототехникалық құрылғылар жасауды да басты назарда ұстайды. Мектеп командалары WRO, FIRST, Eurasian Programming Olympiad және Халықаралық Жәутіков олимпиадасы сияқты беделді білім бәсекелері мен республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие.
2025 жылдың наурыз айынан бастап мектеп базасында Орталық Азиядағы алғашқы Authorized Training Center — STEM саласындағы сертификатталған курстар мен тренингтер өткізуге арналған заманауи білім беру алаңы жұмыс істейді. Орталық халықаралық білім беру және технологиялық серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс істейді, оқушылар мен оқытушыларға озық білім мен ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Swift бойынша әзірлеу курстары, жасанды интеллект және цифрлық сауаттылық бойынша оқыту бағдарламалары іске қосылды.
Кафедра оқу инфрақұрылымын белсенді түрде дамытады: компьютерлер жаңартылып, интерактивті панельдер қолданылады, робототехникалық жиынтықтар мен 3D-принтерлер енгізіледі. Сондай-ақ, педагогтардың кәсіби өсуіне үлкен мән беріледі: мастер-кластар, ішкі семинарлар, біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.
Жоғары білікті оқытушылардың, инновациялық тәсілдің және мектептің қолдауының арқасында информатика және робототехника кафедрасы сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.