Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы
Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Кафедра құрамында химия, биология, география, тарих, музыка және көркем өнер пәндері бойынша сабақ беретін 16 тәжірибелі педагог бар. Мұғалімдердің жартысынан көбі жоғары біліктілік санатына ие. Құрамында техникалық және гуманитарлық ғылымдар магистрлері, еңбек өтілі 38 жылға дейінгі ұстаздар бар.
Педагогтар біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ашық сабақтар, кіріктірілген сабақтар, семинарлар мен шығармашылық іс-шаралар өткізеді. Оқушылар республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болуда.
Кафедра сапалы білім беруді, пәнаралық ойлау мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.