Отбасым – кіші Отаным
Мектебімізде 2019 жылдың қараша айының 9 күні рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Отбасым – кіші Отаным» тақырыбында 1 «А» сынып жетекшісі Оспанова Зауреш Сейтановнаның ұйымдастыруымен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының басты мақсаты оқушыларға адам өмірінде отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру, әке — шеше, бауырдың қадірін түсіндіру және отбасы туралы ұғымдарын кеңейту болып табылады.
Сынып сағаты әңгімелесу, шығармашылықты қорғау түрінде өткізілді. Сынып сағатына ата-аналар, мектеп мұғалімдері қатысты. Оқушыларымыз өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата – әжеміз, аға – әпкеміз, іні – қарындасымыз туралы айтты
Отбасы – тәрбие бастауы, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Оқушылар отбасы, туысқандар туралы өлеңдерді жатқа айтты. «Менің Отаным» әнін орындады.
Оқушылар өздерінің «Шежіре ағашын» айтып берді. «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелерге» арналған постерлерін қорғады. Фотосурет бойынша әңгімеледі.
«Тілек шамы» тренингіне барлық оқушыларымыз қызығып, белсене араласты. Шамды бір-біріне тапсыра отырып тілектерін айтты. Соңында барлығы бір-біріне қол шапалақтап қошемет көрсетті. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Оқушылар әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екендіктерін үйренді. Барлық оқушы сынып сағатынан жақсы әсер алды.
Вам также может быть интересно:
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…
VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасы
Құрметті 1-5 сынып оқушылары! ✅Сіздерді VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз. ❄️ Олимпиада 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді. Олимпиада…
Ашық есік күні – 2024
2024 жылдың 16 қарашасында РФММ-нің Астана қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын қатысуға шақырамыз. Қонақтарға келесі бағдарлама ұсынылады: Қонақтарды…
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады.
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен депутаттардың республикалық форумында: «Балалар…
«РФММ» КеАҚ мен «Антиплагиат.Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Республикалық физика-математика мектебі» (РФММ) және «Антиплагиат-Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа келісімнің нәтижесінде «РФММ» мектептері оқушылардың жоба, емтихан және өзге де…
«РФММ» КеАҚ-ның Астана қаласындағы филиалына ақылы негізде оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға онлайн тіркелу басталды.
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2024 жылғы қазан айының 01-25 күндері https://admissions.fizmat.kz сайттында «РФММ» КеАҚ-ның Астана филиалына ақылы негізде оқуға түсуге арналған емтихандарға онлайн тіркелу…
Используйте с пользой свободное время!
Сегодня в столичном филиале «РФМШ» была организована ярмарка «Кружковой работы, спортивных секций и социальных клубов». Учителя и учащиеся старших классов представили больше 20…
Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады
Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау…
В стране стартует республиканский конкурс на звание «Лучший классный руководитель – 2024»
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК В стране стартует республиканский конкурс на звание «Лучший классный руководитель – 2024» Министерство просвещения Республики Казахстан…
По 5,5 миллионов тенге получат казахстанские школьники за победу на всемирных олимпиадах
Денежные премии получат 26 казахстанских школьников, завоевавших призовые места на ТОП-7 престижных олимпиадах. Общая сумма вознаграждения превысит 77,5 миллионов тенге. По итогам 2023-2024…