Физика кафедрасы
Кафедра меңгерушісі, педагог-зерттеуші - Салимов Алмаз Баймарзаулы.
Біздің кафедраны үлкен отбасы деп атауға болады: мұнда бірден бірнеше ұрпақ жұмыс істейді, тәжірибелі мұғалімдер, білім беру жолында жаңадан бастап жатқан жас мұғалімдер. Идеялар мен кеңестермен бөлісу екі жақтан да келеді — бұл білім беру процесін жақсартады және оқытуды заманауи және мұқият етуге көмектеседі. Осы тәсілдің арқасында біздің оқушылар алған білімдерін өздерінің күнделікті өміріне қызығушылықпен біріктіріп қана қоймай, түрлі олимпиадаларға, конкурстарға сәтті қатысады, әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын сәтті тапсырады.
Біздің мұғалімдер де оқушылардан қалыс қалмайды, өз шеберліктерін жетілдіре отырып, олар біліктілікті арттыру курстарына, конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың жүлдегерлері болып табылады. Кафедра мұғалімдері Оқу-ағарту Министрлігі жүргізетін түрлі жобаларға сарапшылар, әзірлеушілер, қазылар алқасының мүшелері және т.б. ретінде тартылады.
Мұғалімдер оқу процесіне кафедра мұғалімдері әзірлеген оқу бағдарламаларын, AP Physics, Physics in English және т. б. халықаралық бағдарламаларды енгізеді.
Кафедра құрамында 12 физика мұғалімі жұмыс жасайды, оның ішінде: 7 мұғалім магистр дәрежесіне ие, 2 мұғалім педагог – шебер, 4 мұғалім педагог – зерттеуші, 2 мұғалім педагог – сарапшы, 1 мұғалім педагог-модератор. Д.Е. Шафнер "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері, С.И. Олишевич және А.Р. Муртазин Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегерлері.
Қазіргі уақытта физика кафедрасында келесі мұғалімдерінің құрамы жұмыс жасайды: Д.Е. Шафнер, С.И. Олишевич, Д.Ж. Кенжалин, С.С. Алтыбаева, А.Б.Салимов, А. Жақыпұлы, Г.Т. Тусупова, А.Р. Муртазин, А. М. Нұрғалиева, Г.С. Жоламанова, Т.Е. Есенбаев, М.А. Құдайберген, зертханашылар Г.И. Құдайберген, А. Аманкелді.