Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады
Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқау алғаш рет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған.
Мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.
Байқауға барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Ол үш кезеңде өтеді:
I кезең (аудандық) – 2024 жылғы 17-18 қыркүйек;
II кезең (облыстық) – 2024 жылғы 24-25 қыркүйек;
III кезең (республикалық) – 2024 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді.
Байқаудың әр кезеңінде қатысушыларға бейнеролик форматында шығармашылық сынып сағатын көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жүйесін ұсыну, өзін-өзі таныстыру, өз жобаларын қорғай отырып, педагогикалық қызметте әртүрлі жағдайларға талдау жасау талаптары қойылады.
Қорытынды жұмыстар білім беру саласындағы сарапшылар тарапынан педагогтердің кәсіби және қоғамдық қызметі негізінде бағаланатын болады. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады, ал бас жүлдегерге ведомстволық награда тапсырылады.
Қосымша ақпарат https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy сайтында берілген.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қабылдау емтиханы 27 cәуір күні өтеді
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Республикалық физика-математика мектебіне 7-сыныпқа қабылдау емтиханы 2025 жылғы 27 сәуірде өтеді. Қабылдау емтиханы Қазақстанның 7 қаласында – Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау,…
Халықаралық «Fizmat Chess Open Astana 2025» турнирі: Шахмат ойнап, грант ұтып алған ұл мен қыз
Халықаралық «Fizmat Chess Open Astana 2025» турнирі осымен төртінші мәрте ұйымдастырылды. «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Басқармасына қарасты Алматы, Астана, Орал қалаларында да…
Емтихан алдында бланк жаттығуы
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз. Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:…
Министр просвещения РК Гани Бектайулы встретился с педагогами-мастерами страны
Министр просвещения Республики Казахстан Гани Бектайулы встретился с педагогами-мастерами страны. В настоящее время в сфере педагогики трудится почти 4 тысячи мастер-преподавателей. Важное онлайн-совещание…
FIZMAT ОҚУШЫЛАРЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
13-15 сәуір күндері Грекияның Родос қаласында өткен Әлем чемпионатында «РФММ» Астана филиалының 3-сынып оқушысы Анетов Әміржан және 10-сынып оқушысы Сүлеймен Ерғали шахматтың бірден…
ҚЖО іріктеу кезеңінің нәтижелері
Құрметті ҚЖО қатысушылары! Қорытынды кезең 2025 жылғы 9-10 мамырда Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2025 ж. 25…
ҒАРЫШТЫҢ СЫРЫН АШҚАН ЖАС ҒАЛЫМ
Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 11-сынып оқушысы Нурашев Айдын республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми конкурста бірінші орынды…
ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!
2025 жылғы 12 сәуірде: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу…
Бас жүлде – РФММ-нің оқу гранты!
2025 жылғы 19-20 сәуірде Астанада жылдам шахматтан «Fizmat Chess Open Astana 2025» халықаралық турнирі өтеді. Іс-шара «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен…
Республикалық «Бастау» турниріне қатысқан екі команда – бірінші орынды еншіледі.
Астана қ. РФММ командалары ХVIII «Бастау» турниріне қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді! Жалпы командалық есепте Астана физмат мектебінің оқушыларынан құрылған екі команда да бірінші…